«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қазақстан Республикасы оқу – ағарту министрлігі әзірлеген “Тоғыз айға 9 іс-шара” тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Менің сүйікті кітабым» атты Республикалық челленджін өткізуді Шу ауданы, Шу қаласы Ыбырай Алытнсарин атындағы орта мектебі челленджді Абай атындағы орта мектебінен қабыл алып, Ғани Мұратпаев атындағы орта мектебіне жолдады.
«Құқықтық білім беру мен құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңестері өткізіліп, білім алушылар мен ата-аналарға түсіндірме ақпараттық жұмыстары жүргізілді.
«Алғысым шексіз халқыма!» тақырыбында мектеп кітапханасышы Даулетова Ақзада Ногайбекқызы мен 8 «А» сынып жетекшісі Басжанова Жаннұр Сейлханқызының ұйымдастырумен дөңгелек үстел өтті.
«Шу ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ –де 2024 жылдың 27ақпан күні уақытша бос тұрған хореография (05бірлік) мұғалімі лауазымына тағайындау конкурсы өткізілді.